2021жылдың 26-шы наурыз күні МКҚК "Ақбота"(Циолковский көшесі 10) бөбекжайында "Қарлығаш" тобының тәрбиешісі Алия Кошановнаның ұйымдастыруымен "Бөбекжайдағы ғылым" ( SТЕМ технологиялары ) бағыты бойынша челленджге қатысып "Суды зерттеу тәжірибесі " өткізілді.
"Қарлығаш " тобының балалары 1-ші кезеңде мұз бен қардың жылы жерде тез еритінін зерттеп көрді.
Келесі кезеңде судың түсін, дәмін, иісін бояуын, апельсин мен тұз арқылы зерттеуін бақылады.
3-ші кезең бойынша стақандағы суды үш түске бояп көрді.
Сондай-ақ қанттың, тұздың суда еритінін, ал құмның суда ерімейтінін бақылап зерттеді.
Газды суға жүзім салып, оның төмен-жоғары көтерілгенін бақылады.
Табаққа құйылған суға қағаздан жасалған екі кемені үрлеп жүргізіп қызықтады.
"Су -тіршілік нәрі" демекші, судың ерекше қасиеттерінің көп және адамзатқа әкелер пайдасы өте зор екеніне көз жеткіздік.