Текст
"Ақбота" бөбекжайының ортаңғы топ бірлестігінің ұйымдастыруымен Наурызнама аясында "Бауырсақ - PARTY" тақырыптық танымдық сағаты өтті. Тақырыптық сағатқа әжелер мен аналарымыз бауырсақтың жасалу жолын көрсетіп, кішкентай бүлдіршіндерге бауырсақтың ұнын илеп, жайып, қызып тұрған майға бауырсақтарды қуырып, көрсетті. Балалар қызыға қарап, белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді. Соңында бауырсақ таратылып, шашу шашылды.