Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Көбелек" тобының тәрбиешісі Ибраева С.М тәрбиеленушілермен "Тісті таза ұстаймын!" тақырыбында тақырыптық сағат іс-әрекет өткізді. Тіс тазалығын сақтау, тіс күтімі, тазалық құралдарын дұрыс пайдалану туралы суреттер бойынша әңгіме жүргізіліп, тіс суреттерін бояды. Тәрбиеленушілер өздерінің тіс жуу, тазалық құралдарының бар екендігін әңгімеледі. Тақырыпқа байланысты "Пайдалы- зиян" дидактикалық ойыны ойналды. Ойында пайдалы тағамдарды бір қатарға, тіске зиянды тәттілерді екінші қатарға жинап, бала ненің пайдалы, ненің зиянды екендігін көңілдеріне тоқыды. "Тісті таза ұстаймын!" тақырыптық сағат қызығушылықпен тәрбиелік мақсатына жетті.