Текст
МКҚК Ақбота бөбекжайының "Ботақан" ересек тобының тәрбиешісі Бахтыбаева Айгүл Шериевна тәрбиеленушілерімен "Тісті дұрыс қалай жуамыз?" атты тақырыптық іс-әрекет өткізді. Тіс щеткасын (мәуесегін) қалай пайдалану, тісті жуу тәсілін суреттер арқылы көрсетіп, пайдалы ақпаратпен әңгіме жүргізді. Шығармашылық жұмыста балалар "Тіс" суреттерін бояп, іс-әрекетті қорытындылады. Ата-аналарға да "Бала тісінің күтімі" жайлы ақпараттармен таныстырып өтті. Ата-аналарымыз үй тапсырмасында балаларына тістерін тазалауға үйретіп, апайлары берген ақпаратты әрі қарай қорытындылап қайталатқызып, өзі де бала тәрбиесіне жауаптылығын сезініп, балаларымен жасаған жұмыстарын жіберуде баласының тіс тазалығына жақсы көңіл бөлетіндерін байқатты