Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балбөбек" санаторлық тобының тәрбиеленушілерімен 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай "Ғарыш әлеміне" саяхат атты шығармашылық жұмыстар

12.04.2025

"Балбөбек" санаторлық тобының тәрбиеленушілерімен 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай "Ғарыш әлеміне" саяхат атты шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстың мақсаты балаларды "Ғарыш әлеміне" қызықтыра отырып, шығармашылыққа баулу арқылы аспан әлемімен таныстыру, ойлау  қабілеттерін дамыту болып табылды. Балалар ғарыш суреттерін қарап, пішіндерден зымыранды желімдеді. Зымыранның макетімен танысып, матаға "Ғарыш әлемінің" суреттерін, өздері жасаған зымырандарды орналастырып, аспан әлеміне саяхат жасады. Балалар өз еңбегімен шығармашылық жұмыстарды орындай отырып, "Ғарыш әлемі" туралы қызықты ақпараттармен танысты.

Просмотров: 20


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст