Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ересек "Ботақан тобының тәрбиеленушілері нағыз еңбеккер атанамыз!,-дейді

12.04.2025

МКҚК Ақбота бөбекжайы  "Ботақан" ересек тобының тәрбиешісі Бахтыбаева Айгул Шериевна   сәуір айы "Еңбекқорлық және кәсібіи біліктілік айы" болғандықтан тәрбиеленушілерге   – еңбек туралы, еңбектің пайдасы жайлы әңгімелер жүргізе отырып, балаларды еңбекке баулу жұмыстарын жүргізді. «Біз топқа келгенде киімімізді шешеміз, иә? Егер әрқайсымыз өз шкафтарымызға киімімізді дұрыс қойсақ – бұл да еңбек. Сен өзіңнің жұмысынды істеп, апайларға көмектескен боласың!» деп, балаларды еңбеккке осындай жолмен қызықтырып, өздерінің киім шкафтарын өздері жинап, еңбек жасады. «Киімді ұқыпты ілу, етік пен аяқ киімді қатар қою – бұл тазалық пен ұқыптылық. Біз өзімізге тапсырылған шаруаны орындағанда – нағыз еңбеккер атанамыз!»,  «Еңбек – үлкен кісілерге ғана емес, балаларға да керек. Еңбекқор бала – әрқашан сүйкімді әрі ақылды болады.» деген сөздерді айта отырып, балалармен ойын элементтерін "Шкафымды жинаймын" эстафетасы, 
 "Киімімді тап" – әр баланың киімін қай жерге қою керектігін табу ойыны арқылы еңбекке баули, яғни қызықтыра алды.  Балалар жақсы түсініп,  өз киім шкафын, ілгіш сүрелерін қуана сүртті. 

Просмотров: 34


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст