Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас ұшқыштар" атты спорттық ойын-сауық

12.04.2025

"Ақбота" бөбекжайында дене тәрбие  ісінің нұсқаушысы А.Н.Усенованың ұйымдастыруымен ұшқыштар күні мерекесіне арналған "Жас ұшқыштар" атты спорттық ойын-сауық өткізілді. Ойын-сауық мақсаты балаларға ғарышкерлер күні туралы толық түсінік  "ұшкыш" ұғымының мағынасын түсіндіру, ең алғашкы космонавт туралы және Қазақстан Республикасының тұнғыш ғарышкерлері туралы айтy және балалардың спорттық сайыска деген қызығушылықтарын дамыту, ептілік, жылдамдылық, тепе-теңдікті сақтау және шапшаңдылық  касиеттерін ойын арқылы арттыру арқылы балаларды ұшқыш мамандығына қызықтыру және спорттык сайыста бәсекелестікке тәрбиелеу болып табылды. 

Ұшқыштар күні – аспан әлемін бағындырған ер жүрек азаматтардың кәсіби мерекесі. Бұл күні ұшқыштар мен авиация саласының барлық қызметкерлерінің еңбегі бағаланып, құрмет көрсетіледі. Қазақстанда Ұшқыштар күні авиаторлар күні ретінде тамыз айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Бұл – еліміздің әуе қорғанысы, жолаушылар тасымалы, ауыл шаруашылығы авиациясы саласында еңбек ететін барлық мамандарға ортақ мейрам екені айтылып өтті.

🛩️ Ұшқыш – өте жауапты, батылдықты, білім мен шеберлікті талап ететін мамандық. Олар күн сайын көкте қалықтап, адамдардың аман-саулығына жауап береді, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетеді,-деп, ойындар ойнатылды. 

👧👦 Балалар үшін бұл күн — армандауға, қиялдауға, «үлкен болып ұшқыш боламын!» деуге тамаша мүмкіндік екенін балаларға жеткізу тырысты.

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст