Текст
🦷 ТАЗА ТІС – САУ ТІС! 🪥
Балалар, сендер тістеріңді жуысаңдар, олар таза әрі мықты болады!
Тістер – бізге тамақты шайнауға көмектеседі. Ал егер тісіміз лас болса, олар ауырып, түсіп қалуы мүмкін.
Тісімізді қалай күтеміз?
✅ Таңертең және кешке тіс щеткасымен жуамыз.
✅ Тіс пастасын көп жақпаймыз – бір бұршақтай ғана жеткілікті.
✅ Тісімізді жоғары-төмен, оңға-солға жақсылап тазалаймыз.
✅ Тіс жуғанда ән айтып, көңілді боламыз!
Тіс жуу – әр баланың маңызды ісі!
Тістерің жарқырап тұрса, күлкің де әдемі болады! 😁✨ 🔊 Логопедтік ойынмен байланыстырып:
"Т" дыбысын жаттықтыру:
– "Тіс, тіс, таза тіс!",
– "Тимур тісін таңертең тазалайды!"
(балалармен бірге қайталау арқылы тіл бұлшық етін де жаттықтырды.) Логопедтің балаларға арналған кеңесі.