Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында «Қошақан», «Құлыншақ» даярлық топтарында 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйретіп, басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу болып табылды. Даярлық «Қошақан» және «Құлыншақ» тобының балалары қолдарына ту, шар, гүл ұстап шеңбер бойымен жүріп көңілді би билеп, іс шараны «Біз бақытты баламыз» әнімен бастады. Ал, «Қошақан» тобының балалары 1 мамыр мерекесіне орай жаттаған тақпақтарын айтты. Поляк халқы мен Латвия халқының балаларға арналған ұлттық ойындарын ойнады. «Достық» биімен іс-шарамызды ары қарай жалғастырдық. Тамаша биден кейін «Құлыншақ» тобы жаттаған өлең шумақтарын мәнерлеп айтып берді. 1 мамырға арналған іс-шарамызды «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін үш тілде орындап шықты. Балаларға өте ұнады.