Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайында 1- мамыр дүниежүзілік ынтымақтастық мерекеге орай «Халықтар достығы » тақырыбында кіші «Нұрсауле, Балапан », ортаңғы «Ботақан, Күншуақ» топтарында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс –шараның мақсаты балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерің сүйе білуге үйрету болып табылды. Әсем безеңдірілген залда балалар мерекелік шарлар мен жалаушаларын қолдарына алып «Әрқашан күн сөнбесін әнімен» бастап кетті.
Іс-шараның барысы бойынша ұлттық ойын «Күш сынасу» ойналып, шығармашылық жағынан «Күн шуағын» құрастыру тапсырмасы орындалды. Осы мерекелік іс-шара бойынша ата-аналарға үй тапсырмасы алдын-ала берілді. Ата-аналар балаларымен «1- мамыр дүниежүзілік ынтымақтастық » мерекесіне арнап сурет салып, суретер көрмесіне қатысу болатын. Қорыта келе, іс-шараның негізі бойынша сурет арқылы көрме ұйымдастырып бірлік, ынтымақтастық, достық туралы балаларға түсінік қалыптастыра білдік.