Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайындағы ересек топтарда 1-Мамыр ынтымақ күніне байланысты «Халықтар бірлігі» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Балаларға бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында іс-шарамыз «Ақ көгершін» әнімен басталып, «Достық» биімен жалғасын тапты. Әр ұлттың өзіне тән ойындары болғандықтан, өз ұлтымыздың «Тақия тастамақ», «Күш сынасу», «Арқан тартыс» ойындарын ойнаттық. Орыс халқының ойындары да ойналды. Мерекеге байланысты балалар ата-аналарымен біріге отырып алған суреттері жинақталып, суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Іс – шараның аяғында балалар асфальтта сурет салумен жалғасын тапты. «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтадық.