МКҚК "Ақбота" бөбекжайында «Мектепке дайындық: бөбекжай-отбасы-мектеп» атты бөбекжайішілік ата-аналар жиналысына "Құлыншақ" мектепалды топ тәрбиеленушілерінің ата-аналары және №7 мектеп-лицей, №9 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. 1 сыныпқа баратын ата-аналарды әдістемелік және психологиялық қолдау қажеттігі, ата-аналардың қобалжуы өте орынды себебі бала мектепке қандай дайындықпен нені біліп баруы керек осының барлығы ата-аналарды толғандыратын мәселелер бойынша ата-аналардың жан-жақты хабардар болуы әлі де жеткіліксіз болғандықтан, ата-аналардың өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап беретін пайдалы ақпараттарды алуға үнемі уақытының болмауына байланысты ата-аналар жиналысына мектеп мұғалімдерін қатыстырып, өткіздік. Ата-аналар жиналысының мақсаты болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына мектепке дайындық туралы кеңес, баланың мектепте оқуға дайындығы бойынша ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Бөбекжай психологы Мукажанова Алия Амангелдіқызы "Ата-ана баланы мектепке беруге дайын ба?" атты психологиялық тренингтерін ата-ана арасында өткізді. №7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Бекбулатова Ләззат Өтежановна, №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Азмағанова Зауреш Муратовна өз тараптарынан мектепке келетін балаға қандай дайындық керектігін әте жақсы түсінідіріп, берді. Ата-аналар өздерінің баланың мектепке дайындығы туралы ойында жүрген сауалдарға жауап ала алды. Бөбекжай әдіскері Бекенова М.,Д ата-аналарға бірінші сыныпқа қабылдау бойынша құжаттарды тапсыру жүріп жатқандығын айтып өтті.