Бала еңбегі – мектепке дейінгі жастағы балалардың күнделікті өмірінде еңбек ету арқылы жеке тұлғалық қасиеттерін, жауапкершілік сезімін, тәртіп пен ұқыптылықты дамытуға бағытталған педагогикалық процесс. Бөбекжайда бұл еңбек тәрбиелік мақсатта жүргізіледі және балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылады. Ересек "Қошақан " тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен "Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді" деген апталық дәйек сөздің мағынасын ашу мақсатында баланы еңбек етуге тәрбиелеу- ол келешек елінің ертеңін ойлар азамат- азаматша болуға, елім, жерім деген еліне, жеріне қамқор келешек ұрпақ тәрбиелеу деп апталық жұмыстарда балалар тәрбиешілеріне көмектесіп далада өздерінің ойын алаңдарын қыстан қалған қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Қыздарымыз тәрбиеші көмекшісіне көмектесіп, өздерінің жатын орындарында төсек жинау жұмыстарын жүргізді. Баланың шамасы келетін шағын ғана еңбек оның келешегіне көп көмегі тиеріне сенімдімін.,-дейді тәрбиеші Жұлдызай Жугериевна.