Текст
'Еңбек бәрін жеңбек"-деп бекер айтылмаған. Бала бойына өз - өзіне қызмет етуді ес білген кезден үйреткен дұрыс. Бөбекжайдағы бала еңбегінің мақсаты тұрмыстық шаруашылық еңбекке баулу арқылы, үлкендердің еңбегін құрметтеу керек екен түсіндіру. Мектепалды 'Құлыншақ " тобының балалары ойыншықтарды жинап, сөрелер мен үстел үсті шаңдарын сүртіп, топта тазалық міндеттерін ұстанады. Осылайша, балалар есейгендерін көрсете білді. Бұндай еңбек күнделікті жүргізіліп тұрғандықтан, балалар өз ұнатқан шаруаларын жасайды. Әрине осындай бала еңбегі тәрбиешілер Калмаганбетова А.Б, Уалиева Р.С-ның жетекшілігімен жүргізіледі.