Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани-қазына» бағдарламасын іске асыру

24.10.2017

«Рухани-қазына» бағдарламасын іске асыру.

  Тарихтың өткен кезеңдерін қазіргі

заманғы шындықпен байланыстыра отырып, біз үйлесімді болашақ өмірге қадам

жасаймыз. Бүгін патриотизм тек рухани құндылық көрсеткіші емес, халықтың,

қоғамның жоғары моральдық рухын, тарихи жады, мәдени мұра, өз жерінің,

салт-дәстүрлерін, байланыстыратын мықты іргетасы ретінде насихатталып қаралады.

Қазіргі уақытта базалық принциптер мен отансүйгіштік құндылықтарына сүйенген

жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру қажеттілігін, аймақтық тарих және

мәдениетінің рөлін ұғынуға қазіргі заманғы көзқарас талап етіледі.

 Кіші бағдарламаның мақсаты: рухани

құндылықтарына сүйене отырып, халықтың салт-дәстүріне, тарих, мәдениетіне

қызығушылық пен құрметті ояту және дамыту. Бағдарлама жалпы халықтың патриоттық

рухын қалыптастыруға, жас бүлдіршіндерді туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке,

табиғатқа қамқорлықпен, тарихқа және мәдени-тарихи ескерткіштерге құрметпен

қарауға тәрбиелеуге, бірі-біріне қайырымдылық жасауға, қоршаған ортаны қорғауға

өз еркімен қатысуға ынталандыруға бағытталған. XXI ғасыр білім мен ғылым

ғасыры. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай

дайындалған «Рухани қазына» кіші бағдарлама негізінен өскелең ұрпаққа арналған:

жастардың дүниетанымына, тәрбиесіне, біліміне, бәсекеге қабілеттілігіне

байланысты. Елбасы былай дейді: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи

байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан,

әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие

болуы керек.

Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың

бірі-білімді ұрпақ тәрбиелеу. Алдымыздағы кішкекнтай бүлдіршіндерге, яғни

мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық

салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір

сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі қалдыратындай тәрбие беруге  тиіспіз. Абайдың даналығы, Әуезовтің

ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан

жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана деп

көрсетіп, олардың бойына сіңірту, біздің мақсатымыз болып табылады. Атап айтар

болсақ, осы мақсатта «Ақбота» бөбекжайында «Ұлы дала Елі-мәңгілік ел»

ертеңгілігі, «Рухани қазына: рухани жаңғырудың өзге атты» пед.қызметкерлер

арасында талқылаулар ұйымдастырылды.

 

Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст