«Ақбота» бөбекжайындағы ІІ ересек «Балдырған» тобында «Жеңіс күні желбіресін!» мерекесіне орай «Біз Отанның сарбазы» тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
Балаларды адамгершілікке,отанын сүюге,оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және Оларға патриоттық тәрбие беру арқылы балаларды Ұлы Отан соғысымен,Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту болып табылды.
Қара бұлтқа оранбасын күн көкке.
Барлық халық бейбт өмір сүрмекке.
Отанының бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңе ұста құрметте.
Міне, енді ортамыздағы өшпес мәңгілік отқа қарап,осы сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп қаза тапқан батыр аталарымыз бен аналарымызды еске алып, бір минут үнсіздік жарияладық.
Балалардың мерекеге арналған өлең шумақтары айтылды. «Ұлдар» әнін орындады. Келесі балалар «қасықпен картоп тасу» ойынын ойнады. Балаларды мерекемен құттықтауға Батыр аға келді. Балалар батыр ағамен «кедергілерден өту» ойынын ойнап, келесі «Катюша»биін биледі. Балалар «Жеңіс күні»әнін орындаса,ал қыздардын орындауында «Алые закаты»биін биледі.
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Елдегі көп балаға,- дей отырып, тәрбиеші өзінің тілегін айтып, балаларды құттықтап, ертеңгілікті аяқтап, сыйлықтарын тарту етті.