МКҚК «Ақбота» бөбекжайы «Құлыншақ» мектепалды топтарының тәрбиеленушілері, тәрбиешілер және мамандар Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейі» КММ-тің шақыруымен мектепке саяхат жасады. Мектептің бастауыш сынып мұғалімдері А.Жабина, А.Амиржанова, Б.Жетписбаева «Мектеп әлеміне алғашқы қадам» атты саяхатты мектеп ішінде тамаша ұйымдастырып, мектеп өмірімен таныстырды. Мектеп кітапханасында бастауыш сынып мұғалімдері А.Сейфулина, К.Тайтлеуова «Көңілді шығармашылық күнін» өткізді. Балалар кітаптар туралы өз ойларын атап, ойын ойнады. Бөбекжай тәрбиеленушілері мен мектептің мектепалды сыныбының тәрбиеленуші арасында «Білімділер додасы» интеллектуалдық ойыны Б.Амангельдина ойнатты. Ойын додасында «Ақбота» бөбекжай тәрбиеленушілері жеңімпаз атанды. Тек қана ойын додасында емес, бастауыш сынып мұғалімдері К.Уваисова, А.Беккожина, М.Байсакаловаөткізген «Толағай» спорттық сайыста да жеңімпаз атанды. Бөбекжай тәрбиеленушілеріне арнап, мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бекбулатова Ләззат Өтежановнаның ұйымдастыруымен өткізілген «Біз талантты баламыз!» атты концертте бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мектепке саяхатқа келген бөбекжайдың тәрбиеленушілеріне қаласының № 7 мектеп-лицейі» директорының м.а Жаркеев Азамат Нурланович ойын додасында, спорттық сайыста жеңімпаз көрсеткендері үшін құттықтап, әр баланы мадақтамамен марапаттады. Осындай керемет саяхатты ұйымдастырған № 7 мектеп-лицейі» директорына және бастауыш сынып мұғалімдер бірлестігіне алғысымызды білдіреміз.