Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№7 мектеп-лицейінің мектепке дайындық тобының балаларын дайындау бойынша бөбекжай мен бастауыш мектептің ынтымақтастығы аясында "Бала дамуының бірізділігі: мектеп пен бөбекжай байланысы" атты семинары

26.04.2025

МКҚК "Ақбота" бөбекжайының мектепалды тәрбиешілері, әдіскер №7 мектеп-лицейінің мектепке дайындық тобының балаларын дайындау бойынша бөбекжай мен бастауыш мектептің ынтымақтастығы аясында "Бала дамуының бірізділігі: мектеп пен бөбекжай байланысы" атты семинарына қатысты. Семинарда  мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Илесбекова М.А, 1 "а" сыныбының бастауыш сынып мұғалімі Сексенова А.Ж, 1 "б" сыныбының бастауыш сынып мұғалімі Абирова Т.Т ашық үұйымдастырылған іс-әрекетін,  сабақтарын көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибесімен және бүлдіршіндердің алған білім нәтижелерімен бөлісті. Мектеп психологы Ташеноева Ж.С, тренинг өткізіп, бастауыш сынып мұғалімі Молдабаева А.Х " 1 сыныпқа оқушыларды дайындау кезеңдері" жайлы өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі Бекбулатова Л.Ө "5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту әдістері" шебер сағатында "Домино" сияқты әдіс-тәсілдерін баяндап, іс-тәжірибе жүзінде көрсетіп, бөлісті. Директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Тугельбаева А.Е қорытынды жасап, мектепке келетін мектепалды сыныптарына және 1 сынып оқушыларына баратын балаларды дайындау ісінде бөбекжай мен бастауыш мектеп жұмысының бірізділігі, ынтымақтастығы жайлы айтып, жыл сайын жұмыстарды бірлесе отырып, сабақтастық принциптерін тәрбие мен оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз етіп, жүргізу керектігін айтты. 

Просмотров: 47


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст