Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Табиғат бұрышындағы бала еңбегі

26.04.2025

Бала еңбегі — мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың өз жас ерекшеліктеріне сай еңбек әрекеттеріне қатысуы. Ол балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін, ұқыптылықты, жауапкершілікті, шыдамдылық пен ұжымда жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастырады. Бала еңбегінің негізгі бағыттарының бірі табиғат бұрышындағы еңбек (гүлге су құю, жапырақ сүрту, өсімдіктерді қадағалау) және топ бөлмесін таза ұстауға көмектесу (ойыншықтарды жинау, шағын тазалық жұмыстары). "балдырған" тобының тәрбиеленушілері өз апайларына көмектесіп, табиғат бұрышындағы жұмысты жасай отырып, еңбексүйгіштікке, тәртіпке тәрбиелеу жұмыстарын жүргізді. Асел Амангельдиновнаның балаларға табиғат бұрышында айтылатын ақыл-кеңесі мүмкін, сізге де керек болып қалап, түртіп алыңыз. 

Гүлге су құю:
Балаларға кішкене құйғыш немесе шелек беру арқылы гүлдердің түбіне ақырын су құюды үйрету. Балаларға су мөлшерін реттеуді көрсету.

  • Гүлдердің жапырақтарын сүрту:
    Мақта немесе жұмсақ матаны пайдаланып, гүлдердің шаңын сүртуді үйрету. Әр жапырақты ұқыпты ұстауды көрсету.

  • Топтағы гүлдердің күтім кестесін жасау:
    Әр балаға күндер бөліп беру – қай күні кім гүлге су құятынын немесе сүртетінін белгілеп қою  т.с.с.  Осындай кеңестерді тыңдап, табиғат бұрышында апайына көмектесіп  жүрген балалар табиғатты қорғауды, жауапкершілікті, ұқыптылықты және еңбектің қадірін үйренеді. Бұл олардың жалпы дамуына оң әсер етеді.

Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст