Текст
Ересек " Қошақан" тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен "Құстарға қамқор болайық " атты тақырыптық тәрбие сағаты өтті. Тақырыптық тәрбие сағатының мақсаты балаларға құстар туралы түсінік беру арқылы оларды құстармен таныстыру және құстарды қорғауға тәрбиелеу тобып табылды. Құстардың түрлері, қорегі, пайдасы туралы әңгіме жүргізілді
Балалар "Ұшатын, ұшпайтын құстар" дидактикалық ойынын ойнап, үйлерінен ата-аналарымен бірге жасаған құстың ұясын бояп, далаға орналастырды.