Текст
1 мамыр — Қазақстанда Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде атап өтіледі. Бұл – мемлекеттік мейрам, еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің достығы мен бірлігін бейнелейтін ерекше күн. Ересек "Қошақан " тобында 1 мамыр мерекесіне арналған "Бейбітшілік жасасын" тақырыбында тақырыптық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында балаларға достық, мейірімділік жайында әңгіме айтылып, басқа ұлт өкілдері жайлы түсінік берілді. Балалар ұлттардың туларының суреттерін бояп, пазлдар құрастырды.