1 мамыр – Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігін білдіретін мереке. Бұл күн – еліміздегі халықтардың татулығы мен ынтымақтастығын атап өтетін ерекше күн. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілі тұрады. Олар бір-бірімен тату, достықта өмір сүреді. Осы мереке арқылы біз бәріміздің бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқанымызды еске аламыз. Бұл күн адамдарды бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелейді. Ауданымызда өткен бұл мерекеде "Ақбота" бөбекжайының ұжымы "украин" ұлтының киімін, ойынын, достық тілегіе айтып, көрсетіп, ұлттық тағамдарын ұсынды. Сахнада бөбекжай әріптестеріміз әнін шырқап, биін біледі. Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бейбіт өміріміз берекелі, еңбегіміз жемісті болсын! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барша ұлт өкілдерінің достығы мәңгі болсын!