Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бөбекжай ауласын көркейту, көгалдандыру жұмыстары "Ботақан" ересек тобы

02.05.2025

Көктем келісімен айналаға ұқыптылықпен қарап, көшеттер отырғызу  - елімізде игі дәстүрге айналған.   Игі шараның мақсаты – бөбекжай ауласын көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау.  Дана халқымыз: «Бір тал кессең, он тал ек», – деп ықылым заманнан бері қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға ерекше мән беріп келеді. Бөбекжайдағы көгалдандыру жұмысына "Ботақан" ересек тобының тәрбиленушілері ат салысып, бөбекжай ауласына өздерінің ағаштарын отырғызып, су құйып, бұл іске белсене кірісті. Осындай жұмыстардың мақсаты-жас ұрпақты табиғатты таза ұстап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау арқылы қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысуға баулу. Адамның табиғатсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Табиғатқа да әркез күтім керек. Сондықтан, экологиямызды таза ұстауды әркім өзінен бастағаны жөн. Бүгінгі көгалдандыру жұмысына қатысып, осындай игі іс-шараға балалармен бірге  ат салысқанымызға қуаныштымыз.,-дейді тәрбиеші Айгүл апай. #біртұтастәрбие

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст