Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сурет салу»

21.02.2018

          ІІ кіші «Алақан» тобында

«Шығармашылық» саладан «Сурет салу» бөлімі бойынша «Тікенекті кірпі»

тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін тәрбиеші Уалиева Ризагуль

Сагандыковна өткізді. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде «Бізді қоршаған әлем»

өтпелі тақырыбын және «Көліктер» тақырыпшасын қамтып, ұйымдастырылған оқу

қызметімен байланыстырып өткізді. «Кірпі» туралы түсінік беріліп, оның

табиғаттағы және мультфильмдегі суреттерін слайд арқылы көрсетіп, айтып берді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде  билингвальды компонент үш тілде қолданылып,

бірнеше рет қайталатқызды. Сергіту сәті тақырыпқа сай байланыстырылды. Ғажайып

сәтте Қоян келіп, балаларға Кірпі досын жоғалтып алғанын айтып, көмек сұрай

келгенін айтты. Балалар кірпіні іздеп, ағаштың түбінде ұйықтап жатқан кірпіні

тауып алып, Қоянға сурет салып бермекші болды. Сурет салмас бұрын, балалармен

«Кірпілер» атты саусақ жаттығуы жасалынды. Балалар тікенексіз кірпінің дайын

суретіне қылқаламен тікенек салды. Риза Сагандыковна қалай тікенек салу жолдарын

көрсетіп, балалардың жұмыстарын қадағалады. 

Сурет салып болған соң, тазалық шаралары қолданды. «Кім жылдам?»

дидактикалық ойыны ойналды. Балалар ұйымдастырылған оқу қызметінде белсене

қатысты, оларға кірпінің ұйықтап жатқан сәті өте қызықты болды. Қорытынды

бөлімде барлық сұрақтарға өздері жауап берді. Көңілдері көтеріңкі болып, ашық

ұйымдастырылған оқу қызметі өте жақсы өтті.

Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст