Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақбота» бөбекжайы – нұрлы келешектің кепілі.

12.10.2017

«Ақбота» бөбекжайы – нұрлы келешектің кепілі.

 

          Кез-келген халықтың күші-

халқының ұлылығымен, жастарының қайратымен, ұрпағының білімділігімен өлшенетіні

әмбеге аян. Қазіргі таңда қазақ еліндегі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру

саласына жан-жақты, экономикалық және рухани тұрғыдан аса қатаң талаптар

қойылып, міндетті бағдарламалар жасалуда. Осы тұрғыдан келгенде ұрпақ

тәрбиесіне, оның ішіндегі мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге білім мен тәрбие

беруде жалпы халықтық мүддеден шығуды мұрат еткен мекемелердің бірі - Щучинск

қаласындағы «Ақбота» бөбекжайы.

         «Ақбота» бөбекжайы – балалардың іскерлік

қабілетін дамытып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде еңбек етіп келе жатқан

кәсіпорын 2007 жылы қазан айында ашылған болатын. Іргесі 1987 жылы

салынған біздің бөбекжай қазір де, 280 баланы тәрбиелеп отыр. Бөбекжайымыз көз

сүйсініп, көңіл қуанатындай әсем ғимарат. Іші бүгінгі заман талабына сай

безендірілген, жиһаздармен жабдықталған. Сыртқы келбеті де үндесіп тұр. Міне,

«Ақбота» бөбекжайының жұмыс істеп жатқанынан 10 жыл болыпты.   Біздің өміріміздің мәні де, сәні де,

салтанаты, махаббаты, мәртебесі де – бала. Бала –біздің болашағымыз, еліміздің

ертеңі, келешегіміздің келбеті. Ол - әр шаңырақтың шаттығы, қуанышы, баға

жетпес бақыты. Балаға бөбекжайдан бап керек. Өйткені жас ұрпақтың алғашқы таным

ортасы, тәлім ұясы – бөбекжай, балабақша. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Оны

кез келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісің

аласың. Сондықтан, бала кішкентайында неге бейімделетін болса, сол бойынша

бағыт алады, өседі. Сондықтан бала тәрбиесі – бүгінгі күннің өзекті

мәселелерінің бірі. Баланың дұрыс өcуі, дұрыс тәлім-тәрбиеге бейімделуі алдымен

отбасына, сонан соң бөбекжай мен мектептегі тәрбиеге байланысты. Ашылғаннан

бергі оны жыл уақытта қол жеткізген көптеген жетістіктердің барлығы ұжымның

арқасында иеленген абырой деп санаймыз. Үлкен ізденістің арқасында «бала

тәрбиесі бақшадан басталады» дегендей тәуелсіз Қазақстанның жергілікті және

көпұлты кішкентай азаматтарына, жас Отанның аялы алақанын сездіре отырып,

бүлдіршіндердің жеке тұлға ретінде қалыптасатын осынау шағында, сәби бойына

адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, мемлекеттік тілге үйретіп, бөбектерді заман

талабына сай жетілдіру мақсатымызды абыроймен жүзеге асыру бағытында, аянбай

еңбек еткен бөбекжай директоры Бостанбаева Бақыт Асылбекқызын мақтанышпен

айтуға болады.

         Бөбекжайымыздың директоры Бақыт Асылбекқызы - өзінің бала

тәрбиесіндегі жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ұлағатты да өнегелі

тәрбиесімен көпшіліктің ықыласына бөленген білікті ұстаз, ұжымдағы

тәрбиешілерге бағыт-бағдар бере білетін іскер басшы. Қисық біткен талды

жастайынан түземесе, буыны қатқан соң, оның көлеңкесі де қисық болып тұрады.

Ал, ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру

керек, тәрбиесіз берілген білім азаматтың қас жауы, ол келешекте оның өміріне

зиян әкеледі»,- деген екен. Бақыт

Асылбекқызы - білім мен тәрбиені егіз алып жүретін білікті маман. Оның

әрбір ұйымдастырушылық іс-әрекеттерінде ұлттық құндылық, жақсы тәрбие, сапалы

білімді байқай аламыз. Ағымдағы жылдың аудандық тамыз кеңесіңде бөбекжай

директоры Бостанбаева Б.А «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына

сіңірген еңбегі үшін» күміс төсбелгімен және ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиевтің

Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан

Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесінде  ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы

жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік

медалімен наградталды. Осындай істердің басы-қасында жүріп, ұйымдастырып,

басшылық етіп, жақсы істі қолдап, 

жетелейтін, ізгілікті еңбегімен, тынымсыз ізденудің арқасында қол

жеткізген биік жетістіктердің иесі. Іскер басшының ізденімпаз ұжымы облыстық,

республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып, әрдайым үздіктер қатарынан

көрініп жүр. Бүгінгі күні ата-аналардың алғысына, ықыласына бөленген -

директор.

        Басшының жетекшілігімен біздің ұжым талай

асулардан асып, белестерді басып, аз ғана уақыт арасында жақсы жетістіктерге жетіп,

еліміздің болашағы кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеуде.

Тәрбие саласын бүгінгі күн талабына сай ұйымдастыруды өз міндетіміз деп

біліп, әр күнді балалармен қызықты өткізу үшін түрлі жаңа заманауи

технологиялар мен әдіс –тәсілдерді қолдануда біздің ұжым белсенділік танытуда. Бөбекжайымызда

балалардың танымдық тағылымын кеңейтіп, 

бірлік пен ынтымақтастыққа, достыққа шақыру, білімдерін ән, өлең, бимен,

бейнелеу өнерімен байытып, олардың туған жерін сүюіне, отансүйгіш болып өсуіне

ықпал ету, сұлулық пен көркемдікті сезінуде эстетикалық талғамын қалыптастыру

жұмыстары мемлекеттік бағдарламаға сәйкес талаптармен жүргізіліп келеді. Бұл

жұмыстар барысында тәрбиешілерге жыл бойы өткізілген әдістемелік отырыстарда

әдістемелік жағынан көмек көрсетіліп, жаңа технологиялардың тиімді әдістерін

игеруге, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға септігін тигізуде. Бөбекжайымызда

оқу-тәрбие, әдістемелік жұмыс ғылыми негізінде педагогикалық талаптарға сай

өрбуде, мүмкіндігінше халықтық педагогиканы пайдалануға тырысамыз және жаңа

инновациялық  технологиялармен  жұмыс істейміз.

         Жыл сайын біздің бөбекжай

педагогтары түрлі байқаулар мен сайыстарда жүлдегерлер атанып келеді. Дәстүрлі

түрде өтетін аудандық «Заманауи тәрбиеші» байқауларына біздің педагогтар жыл

сайын қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы: 2007 жылы аудандық,

облыстық «Үздік тәрбиеші» байқауының ІІ орын жүлдегері Жұмабекова Раушан;

аудандық, облыстық «Үздік тәрбиеші-2008» байқауының І орын иегері Айтбатырова

Жаңыл Құттыбекқызы;  облыстық «Үздік

тәрбиеші-2009» байқауының І орын иегері Нұрғалиева Зейни Құттыбекқызы, аудандық

«Үздік тәрбиеші-2010» байқауының ІІІ орынды Тлеубаева Гүлнұр Мақсұтқызы

иеленсе, «Үздік тәрбиеші-2011» байқауында Абдрахманова Айгерім Серікқызы ІІ

орынды,  «Үздік тәрбиеші-2012» байқауында

І орынды Ғалымжанова Жанна Амангелдіқызы иеленді. «Үздік

тәрбиеші -2013»  ІІ орынның иегері

Қалмағанбетова Арайлым Балтабекқызы, «Заманауи тәрбиеші-2014» байқауының

Гран-при жүлдегері Кульмаганбетова Жанар Қалдыбаевна , «Заманауи тәрбиеші-2015»

байқауының II орын иегері Нұртаева Айдана Жаңбырбайқызы, «Заманауи

тәрбиеші-2016» байқауының II орын иегері Кусаинова Асель Тураровна, «Заманауи

тәрбиеші-2017» байқауынының І орын иегері Есіркепова Балжан Жумадиллаевнаның

ерен еңбектерін ауыз толтырып, айтуға болады. 

Бөбекжайымыздың  абыройын

асқақтатып, ауданымыздың, облысымыздың мәртебесін көтеріп, республикадан «Үздік

педагог-2013» байқауының иегері Тлеубаева Гүлнұр Мақсұтқызын айтуға болады. Облыстық

«Үздік педагог-2016» конкурсының Гран-при 

жүлдесін бөбекжайымыздың тәрбиешісі Калмаганбетова Арайлым Балтабековна

өз қанжығасына байлап, республикалық 

«Үздік-педагог-2016» конкурсына қатысты. Биылғы жыл біз үшін орасан

берекелі жыл болды. Аудандық, облыстық 

«Үздік педагог-2017»  конкурсының

І орын иегері Ғалымжанова Жанна Амангельдиевна ауданымыздың туын тағы да бір желбіретіп,

Қазақстан педагогтарының иннвациялық идеяларын дамыту орталығының республикалық

конкурсында «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен және республикалық «Үздік

ұстаз» ІV тәуелсіз қоғамдық байқаудың «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

                                                  Бөбекжайымыздың

осындай шығармашылық жемісін, зор еңбегін біздің педагог-тәрбиеші қыздарымыздың

осы жеңістерінен көруге болады. Білім – тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым.

Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің

өлшемімен таразыланады. Осындай жас мамандарды даярлап, ұстаздық жолға баулып

отырған «Ақбота» бөбекжайы ұжымының жұмысы орасан зор.

      «Ақбота» бөбекжайының ұжымы  2009 -2017 жылдар аралығында үздіксіз «Ақмола жұлдыздары» халық

шығармашылығының көркемөнерпаздар байқауында I, ІІ  дәрежелі дипломдармен еңбектері бағаланып

отырды.

           Елбасымыздың тілдің үш тұғырлы саясатын жүзеге

асыру мақсатында бүлдіршіндерімізге қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқытылады. Біздің бөбекжайда бірқатар ұлт өкілдерінің балалары

тәрбиеленуде. Оларға мемлекеттік тілді үйрету жұмыстары да жақсы жолға

қойылған. «Тілашар», «Інжу-маржан», «Ағылшын тілі» атты қосымша қазақ тілі,

ағылшын тілі сабақтары өтіледі. Бөбекжайымызда осының дәлелі ретінде Қазақстан

халқы Ассамблеясы аясында Қазақстан Республикасы халқының тілдері күн

мерекесіне арналған «Тіл-мәңгілік байлық» атты онкүндік іс-шарада «Ұлттық

қазына», «Достығымыз жарасқан» апталықтары өткізілді. Жылма-жыл облыстық

көлемде өзге ұлт өкілдері балаларының қатысуымен өтіп тұратын «Балғын шақ»

байқауында біздің тәрбиеленушілері, атап айтсақ, 2008 ж. аудандық «Балғын шақ»

жеңімпазы Бойко Галина; 2009ж., облыстық «Балғын жақ» байқауының жеңімпазы

Пьянкова Алина,;  2009ж.,облыстық «Балғын

шақ» жеңімпазы Смоленцева София; 2010 ж., облыстық «Балғын шақ» байқауының

жеңімпазы Сметанюк Карина; 2012ж,. облыстық «Балғын шақ» байқауының жеңімпазы

Осипенко Юлия; 2013., аудандық «Балғын шақ» жеңімпазы Мацко Елизавета; 2014,.

Аудандық «Балғын шақ» байқауының Гран-при иегері Бабкова Анастасия; 2015ж,.

аудандық «Балғын шақ» байқауының жеңімпазы Бельман Дарья «Өнер алды-қызыл тіл»

номинациясымен; 2016ж,. аудандық «Балғын шақ» байқауының Гран-при иегері Шатило

Софияны атап айтуға болады. Қазақ

тілі пәнінің мұғалімдері Б.Құдайбергенова, Тлеубаева Г.М дайындаған балалар

барлық сайыс талаптарынан мүдірмей, биік деңгейде өнерлерін паш етуде. Қала,

аудан деңгейіндегі іс-шараларда біздің бөбекжай тәрбиеленушілері сахнада үш

тілде өлең шумақтарын оқып, ән салады. Ағылшын пәнінің мұғалімдері  жүргізген ҰОӘ-нде ойын арқылы балалар өз

қалауы бойынша дербес әрекет етуге, шешім қабылдауға, құрдастарымен

қарым-қатынас жасауға үйренген.

Білім – тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым. Ертеңгі күннің еншісі –

бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады.

Осындай жас мамандарды даярлап, ұстаздық жолға баулып отырған «Ақбота»

бөбекжайы ұжымының жұмысы орасан зор.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрлігінің 2014 жылдың 09 қазанындағы №408 бұйрығы негізінде жаңа

технологиялар мен білім беру бағдарламаларын апробациядан өткізу бойынша

эксперимент жүргізу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының 77

мектепке дейінгі білім беру ұйымына осы сынақ жұмысы бойынша эксперименттік

алаң болып есептеліп, Ақмола облысы бойынша 6 мектепке дейінгі ұйым, ал Бурабай

ауданынан біздің «Ақбота» бөбекжайы 2015 жылдың 12 қаңтарынан бастап осы сынақ

жұмысын бастап, 2016 жылы мамыр айында толығымен аяқтап, республика көлемінде

есеп берді.  2016 жылы «Ақбота» бөбекжайы «Ең үздік мектепке

дейінгі ұйым» атты (сырттай) облыстық байқауында ІІ орынға ие болып, ІІ дәрежелі

Дипломмен марапатталды.

        Бөбекжайымыздың педагогтары,

тәрбиешілері мен саз жетекшілері тамаша ұйымдастырушылық қабілеттерімен, жұмыс

жүйесін жаңашылдандыру шеберліктерімен тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде жаңа жол

таба біледі, әрі жеке тұлғаның қалыптасуына педагогикалық жағдай жасайды. Әдістемелік

жұмыстың барысында педтехнологиялардың ойын, денсаулық сақтау, проблемалық,

халық педагогикасының тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып, ұйымдастырылған оқу

іс-әрекеттерін жоғары деңгейде өткізуде. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында

техникалық құралдарды, пысықтауда дидактикалық ойындарды тиімді пайдаланады.

Тәрбиешілердің білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік жасалған.

Осының бір дәлелі ретінде, қараша айында тәжірибемен алмасуда аудандық «Балалардың танымдық белсенділігін

дамытуда әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы қабілетті тұлға қалыптастырудың

маңыздылығы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында тәрбиешілер,

педагогтар аталмыш саланың мақсат-міндеттеріне тоқталып, осыған сәйкес ҰОӘ-ін

тиімді ұйымдастырудың жаңаша мүмкіндіктерімен таныстырып, әр тәрбиеші өзінің

талабын, ізденісін, сабақ беру мәнерін, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуін,

таңдап алған сабақтың түрін шебер көрсете білді. Мемлекеттік

стандарт талаптарын орындау барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

саяхат, ойын, пысықтау, кіріктірілген түрлерін жиі қолданып, жақсы нәтижелерге

жетудеміз. Бөбекжайымызда тек семинар өткізумен ғана шектелмей, басқа бөбекжай,

балабақша тәрбиешілеріне, ауылды жерлердегі шағын орталық тәрбиешілеріне арнап,

ашық есік күндерін ұйымдастырып, аудандық семинарларда оларға арнап

мәлімдемелер, ақпараттар береміз. Біздің бөбекжайдың аттестатталушы педагогтары

өздерінің шығармашылық есептерін аудандық деңгейде береді. Бұл жерде саз

жетекшілері Исенова С.Т, Жалманбетова Р.М, хореограф Камалиева Ә.С еңбектері зор.

Олардың өткізген әрбір ертеңгіліктері бөбекжай өмірінде тамаша із қалдырады.

              Қазіргі қоғам алдында

тұрған өзекті мәселе бұл жан-жақты дамыған, мәдениетті, шығармашыл, әлеуметке

бейімделген тұлға қалыптастыру болса, соған сәйкес педагог та шығармашыл,

жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маманды қажетсінеді. Сондықтан, заман

талабынан қалмай, ілесе дамып отыру үшін, үнемі ізденіс-толғаныс үстінде болып,

кәсіби деңгейін көтеруге тиіс. Биылғы оқу жылында 29 педагог қайта даярлау

курстарынан өтіп, кәсіби біліктіліктерін арттырды. Педагогтар өздігінен білімін

жетілдіру мақсатында ғылыми, әдістемелік, жаңа педтехнологиялар бойынша

еңбектермен, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жаңалықтар,

жеке бастың мәдени деңгейін көтеру бөлімдерінен тұратын жоспар белгілеп, жыл

бойы өз білімдерін көтеруде. Педагогтар өздерінің

әдістемелік құралдарын, жинағын, авторлық бағдарламаларын тарату мақсатында

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты өткізетін жыл сайынғы «Халықаралық

әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесінде» облыстық, халықаралық

деңгейде өз тәжірибелерімен алмасып, көпшілікке ұсынып, грамота,

сертификаттармен марапаттаулары баршылық. Биылғы «Халықаралық

әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесіне 8 педагог жұмысын ұсынып,

соның ішінде І санатты тәрбиеші Мукажанова Асель Амангельдиевна қола

сертификатқа ие болды. Бөбекжайымыздың тәрбиеші, педагогтары сырттай

байқауларға да белсене қатысады, мысалы биылғы жылы жоғары және І санатты 7

педагог, тәрбиешілер «Оқу-заман» қосалқы білім сайтының Құрмет тақтасына енді. Міне,  мақтанышпен айтқан бұл  жетістіктерде біздің ұжымның бала

тәрбиесіндегі жұмыстарының деңгейін көрсетеді деп ойлаймын.

         Ата-ана баласын

бөбекжайға не үшін жібереді? Әрине, баласының білімге құштар, белсенді,

қоршаған орта жайлы түсінігі бар, елгезек, өзіндік ойы бар тұлға болып

қалыптасуын қалайды. Ата-ана талабы, арман-мақсаты осы. Бұл ретте тәрбиешілер осы дүниелерді бала санасына сіңіре ала

ма? Осы мақсаттарды көздей отырып, бөбекжайымызда ата-аналарға арналған ашық

есік күндері, ата-аналар жиналысы, ата-аналарға арналған тәрбие сағаттары,

ертеңгіліктер, спорттық жарыстар, ойын-сауық мерекелері жүйелі түрде әрдайым

өтіп отырады.

Заман

талабынан қалмай, ілесе дамып отыру үшін, олар үнемі ізденіс үстінде.

Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсыновтың «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу

керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген

пікірінде үлкен ой жатыр. Бөбекжайымыздың жақсы көрсеткіштерге жетуі

педагог-тәрбиешілердің ізденісі, білім мен біліктілігінің нәтижесі. Ұлы

ақынымыз Мағжан Жұмабаев «Мен дәрігерден гөрі тәрбиешілердің көп болғанын

қалаймын, себебі дәрігер денеңді сауықтырса, тәрбиеші өне бойыңды сауықтырады»,- деген екен.   

         «Тәрбиеші болу үшін адамның жандүниелік

қасиеттері – пәктік, ізгілік, әділеттілік сияқты сөздермен байланысты

сипатталуы қажет», -деп Е.Бөкетов айтпақшы, біздің тәрбиешілер  тәрбиеленушілерге жай ғана білім беріп

қоймайды, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы жақсылық пен ізгілік нәрін себеді. Ол

алдындағы жас тәрбиеленушілерді мақсатты өмір сүруге үндейді, туған анасын

сүюден, Отанын сүюге, бүкіл адамзат баласын сүюге жетелейді. Олай болса,

бақытты балалық шақ нұрлы келешектің кепілдемесі екендігін тілге тиек ете отыра,

«Ақбота» бөбекжайының тәрбиеленушіллері болашақта нағыз азамат болып ержетіп,

Абай атамыз айтқандай, әрқайсысы өмірдегі өз орындарын таба біліп, ұжым төккен

маңдай терді ақтай отыра, мемлекетіміздің гүлденуіне, бір кісідей ат

салысатындарына кәміл сенім білдіреміз.

Біз педагогтарымыздың шығармашылық ізденістеріне, әдістемелік жетістерге

қол жеткізуіне барынша мүмкіндік тудырамыз. Бүлдіршіндердің жан дүниесін,

көңіл-күйін терең түсіне білуін талап етеміз. Өзім де осындай ұжымды басқарып,

еңбекпен етене араласып , ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қосқанымды мақтан

тұтамын. Келешек жас буынды жан-жақты жетілген, ақыл-парсаты мол, мәдени-ғылыми

өрісі озық етіп тәрбиелеу – баршамыздың қоғам алдындағы борышымыз. Ұрпақ

тәрбиесі үшін аянбай еңбек етіп, жас буынға сапалы білім беріп, мәдениетті, ана

тілін бойтұмардай қастерлейтін азамат болып өсуіне үлес қосу, баланың

денсаулығын сақтау, нығайту, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау -  біздің басты мақсатымыз. «Ертеңімізді бүгін

ойлап, бүгінгіні уақытында жасайық» деген қағидамен бөбекжай қызметкерлері жас

ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде өз міндеттерін абыроймен орындап, күш-жігерлерін

аямай еңбек етуде.

   Сөзімді қорыта келе, бөбекжайдың

педагогтарын, тәрбиешілерін, қызметкерлерін «Ақбота» бөбекжайының он жылдық

мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым отбасыларыңызда жылы қуаныш,

шаттық болсын. Жұмыстарыңыз тек алға өрлей берсін дегім келеді. Сіздермен

біздер балалықтың мекені, тәлім ошағымыз «Ақбота» бөбекжайының абыройын,

мерейін асқақтата берейік!.

 

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының әдіскері Бекенова Меруерт Джексенбековна

Просмотров: 335

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст