Текст
7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күні мерекелеріне орай, бөбекжайдың дене тәрбие нұсқаушысы Усенова Ажаргуль Нурлановнаның ұйымдастыруымен ересек топтар арасында «Мен сарбазбын» атты спорттық жарыс өткізілді.
Спорттық жарыстың мақсаты балаларға спорттық жарыстарға қатысу қуанышын сыйлау, күшті, ержүрек, тапқыр Отан қорғаушыларындай болуға, достық қарым-қатынасқа, Отанға деген сүйіспеншілікке, Отан қорғаушыларды құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу және қозғалыс дағдыларын дамыту, жылдамдық, ептілік, кеңістікті бағдарлау, жағымды эмоционалды көңіл-күйін ояту, дене шынықтыру жаттығуларын орындаудан қуаныш сыйлау, салауатты өмір салтына баулу болып табылды.