Текст
Отан қорғаушылар және Ұлы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында мектепалды 'Құлыншақ” мектепалды тобының балаларымен мерекелік ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте майданнан оралмаған аталарымызды еске алып, 1 минуттық үнсіздікпен басталды. Балалар жаттаған өлең шумақтарын айтып, "Жеңіс келді көктеммен" әнін айтып, "Көк жиек" және "Сарбаздар" биін биледі. Болашақ Отан қорғаушылар боламыз деген оймен 'Марш" деген ойынды ойнап, өздерін сынап көрді. Ертеңгілік 'Жас ұландар" әнімен аяқталды.