Текст
МКҚК "Ақбота бөбекжайының ортаңғы "Көбелек" тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған "Ер есімі - ел есінде"тақырыбында музыкалық ертеңгілік өтті. Балалар жеңіс құрметіне сап түзеп жүріп өтіп, "Кім жылдам?", "Секіртпек" қимылды ойындарын ойнады. Мерекелік ертеңгілікте "Көбелек" тобының қыздары болашақ жас ұландарды "Отан қорғаушылар" күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Ертеңгілік "Смуглянка " әнімен аяқталды.