Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балдырған» тобының тәрбиеленушілерімен «Жолда жүру ережесінің қауіпсіздігі» тақырыбында танымдық-тақырыптық іс-әрекет

23.06.2025

 

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Балдырған» тобының тәрбиеленушілерімен «Жолда жүру ережесінің қауіпсіздігі» тақырыбында танымдық-тақырыптық іс-әрекет өткізілді.

Танымдық-тақырыптық іс -әрекеттің мақсаты – балаларға жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін үйрету, бағдаршам түстерінің мағынасын түсіндіру және жол белгілерімен таныстыру арқылы олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

🔸 Балалар сурет бойынша әңгімелеп, бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстерін атап берді.
🔸 Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерін суреттер арқылы көрсетіп, олардың маңызын түсіндірді.
🔸 Шығармашылық жұмыс ретінде түрлі-түсті қағаздан бағдаршам жасап, желім арқылы жапсыру жұмыстарын орындады. Балалар қызыл, сары, жасыл және қара түстерді пайдаланып, өз қолдарымен бағдаршам бейнесін жасады.

🔹 Іс-шара балалардың ойлау қабілетін, қол моторикасын дамытуға, жол ережесіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстар балалардың көңілінен шығып, олар үлкен қызығушылықпен және белсенділікпен қатысты.

📌 Қорытынды: Балалар жолда жүру ережелерін түсініп, бағдаршам мен жол белгілерінің не үшін қажет екенін білді. Іс-әрекеттәрбиелік мәні жоғары, танымдық әрі шығармашылық бағытта өтті.

Просмотров: 61


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст