МКҚК «Ақбота» бөбекжайында жазғы сауықтыру кезеңінде балалармен таза ауада ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстар жалғасуда. Табиғат аясындағы бұл белсенділік – баланың қиялын, эстетикалық сезімін, ұжымда жұмыс істей білу дағдыларын дамытудың тамаша мүмкіндігі.
Ортаңғы және ересек топтардың тәрбиеленушілері күн сәулесіне малынып тұрған алаңда түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындады.
🔹 Жұмыстың мақсаты:
– балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын ояту;
– шығармашылық ойлау мен елестету қабілеттерін дамыту;
– ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
🔸 Балалар табиғат аясында бола отырып, ағаш көлеңкесінде отырып дайвн шаблонды су бүркігіш арқылы, сұлбасын асфальт бетіне бетіне түсірді. Олар гүлдер мен көбелектерід, күн мен көк аспанды бейнелеп, бір-біріне су бүркіп, ойнап, өз жұмыстарын мақтанышпен көрсетті.
✨ Бұл іс-шара балалар үшін тек шығармашылық қабілетті ғана емес, сонымен қатар табиғатпен үндестікте еңбек етуге, сұлулықты көруге және бағалауға тәрбиелейтін қуанышты сәтке айналды.
Балалардың көңілді сәттері мен еңбектерінің нәтижелері – тәрбиешілердің оң бағасына ие болды.