МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Көбелек" тобының тәрбиеленушілерімен жолда жүру ережелерін бекітуге арналған «Бағдаршам» тақырыбында ойын іс-әрекеті өткізілді.
Шара барысында балалармен бірге жол қауіпсіздігі туралы суреттер арқылы әңгіме жүргізілді. Тәрбиеші бағдаршамның үш түсін таныстырып, олардың мағынасын түсіндіру арқылы балалардың түстерді ажырату және есте сақтау қабілеттерін дамытты.
«Бағдаршам» ойынының мақсаты – балалардың түстер туралы білімін жетілдіру, нұсқауға сай әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Тәрбиеші түстерді көрсетіп, балалардан дәл сол түсті тауып, аяқтарымен тура сол түске тұруды сұрады. Балалар қызыға қатысып, жасыл – жүру, сары – дайындалу, қызыл – тоқтау екенін өз сөздерімен айтып берді.
Ойын балалардың қызығушылығын арттырып, жолда өзін ұстау ережелерін меңгеруіне, тыңдау және орындау дағдысын жетілдіруге ықпал етті.