Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бағдаршам"-қауіпсіздік ережелерін үйрететін ойын.

23.06.2025

🚥 «Бағдаршам» – қауіпсіздік ережелерін үйрететін қызықты ойын

Ортаңғы «Еркетай» тобының балалары тәрбиеші Ғалымжанова Ж.А. жетекшілігімен «Бағдаршам» ойынын қызығушылықпен ойнады.

Ойынның мақсаты – бүлдіршіндерді жолда жүру ережелерімен таныстыру, бағдаршамның атқаратын қызметін түсіндіру арқылы жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу. Сонымен қатар, балалардың зейінділік, жылдамдық, ептілік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерін дамыту көзделді.

Балалар бағдаршамның түстерін дұрыс атап, әр түске сай әрекет жасауға тырысты. Қызыл түс – тоқта, сары түс – дайындал, жасыл түс – жүр деген мағыналарды дұрыс айтып, шапшаңдықпен тапсырмаларды орындады.

Ойын арқылы балалар жолда өзін ұстау ережелерін меңгеріп, қызықты әрекет арқылы білімдерін бекітіп, өздерін жаяу жүргінші ретінде сезіне білді.

Просмотров: 58


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст