МКҚК «Ақбота» бөбекжайының "Алақай, жаз келді" жазғы сауықтыру кезеңінің «Қауіпсіз жаз» апталығы аясында мектепалды және ересек топ тәрбиеленушілерімен қауіпсіздік шараларына бағытталған танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға «Жеті лақ» ертегісінің желісі бойынша қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Ертегі сюжеті негізінде:
Үйде жалғыз қалғанда бөтен адамға есік ашпау;
Анасы дүкенге кеткенде электр құралдарын, өткір заттарды қолданбау;
Газ плитасына жақындамау, ас үйдегі қауіпті заттарға абай болу сынды ережелер талқыланды.
Іс-шара «Қауіпті және қауіпсіз» атты дидактикалық ойын арқылы жалғасын тауып, балалар жағдаяттық ойын барысында өз іс-әрекеттерін саралап, қауіпсіздік ұғымын тәжірибе түрінде бекітті. Ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдай отырып, балалар қауіп туындайтын жағдайларды анықтап, оның алдын алу жолдарын үйренді.
Бұл іс-шара балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, жаз мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін тереңірек түсінуге ықпал етті.