Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қошақан" ересек, мектепалды тобының тәрбиеленушілерімен күнделікті шығармашылық іс-әрекеттер барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ережелерімен жұмыс

26.06.2025

МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Қошақан" ересек, мектепалды тобының тәрбиеленушілерімен күнделікті шығармашылық іс-әрекеттер барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Балалар сурет салу, жапсыру, мүсіндеу сияқты шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде:

  • желімді ұқыпты қолдану;

  • қайшыны дұрыс және қауіпсіз пайдалану;

  • ермексазбен таза және мақсатты жұмыс жасау;

  • қарындаштар мен бояу құралдарын орнымен пайдалану сияқты ережелермен танысып, оларды тәжірибе жүзінде қолдана біледі.

Тәрбиеші тарапынан алдын ала нұсқаулық беру, көрнекі құралдарды пайдалану және жұмыс барысында бақылау арқылы балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдылары қалыптастырылады.

Осының нәтижесінде, "Қошақан" тобының балалары шығармашылық іс-әрекетке қызығушылықпен қатыса отырып, құралдарды қауіпсіз пайдалану дағдыларын меңгеріп, жарақаттанудың алдын алу және еңбектенуге жауапкершілікпен қарау қабілеттерін дамытып келеді.

Просмотров: 129


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст