Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Күншуақ" тобы тәрбиеленушілерімен дәрумендердің маңыздылығы, ағзаның қорғаушысы туралы "Дәрумендер" атты танымдық-сауықтыру іс-шарасы

26.06.2025

МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Күншуақ" тобы тәрбиеленушілерімен дәрумендердің маңыздылығы,  ағзаның қорғаушысы  туралы танымдық-сауықтыру іс-шарасы өткізілді. Балалар А, В, С, D, Е дәрумендері туралы тақпақ жаттап, олардың ағзаға тигізетін пайдасы жайлы толық мәлімет алды.

Дәрумендер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
А – сы қажет көзіңе,
В – сы қажет жүйкеге,
С – дан микроб безінер,
Д – сүйекті нығайтар,-деп тақпақты жаттатып, 

  • А дәруменінің көздің көру қабілетін жақсартатынын;

  • В дәруменінің жүйке жүйесіне пайдалы екенін;

  • С дәруменінің иммунитетті көтеріп, микробтармен күресетінін;

  • D дәруменінің сүйектерді қатайтатынын;

  • Е дәруменінің бұлшық ет пен терінің саулығына қажетті екенін білді.

Тәрбиешілер балалардың жас ерекшеліктеріне сай, жедел танымдық тапсырмаларойындаркөрнекі суреттер арқылы ақпаратты қызықты әрі түсінікті жеткізді. Балалар көкөніс, жеміс-жидектер құрамындағы дәрумендер туралы айтып, дұрыс тамақтанудың маңызын ұғынды. Іс-шара барысында балалар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, дәрумендердің қажеттілігін түсінуге және салауатты өмір салтын ұстануға ынталанды. Бұл бағыттағы жұмыс баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуда маңызды орын алады.

Просмотров: 140


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст