Қимылды ойындар – денсаулық пен сергектік көзі деп, тәрбиеші Ануарбекова М.Т ұйымдастыруымен "Күншуақ" тобының тәрбиеленушілерімен қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыра отырып, оларды ұйымшылдыққа, ептілікке, шымырлыққа тәрбиелеп, қимылды ойындар арқылы сымбаттылықты дамыту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру, күш-қуатты және секіргіштікті қалыптастыру мақсатында сергіту сәті ретінде қимылды ойындарды ойнатады. Ойын барысында балалар шапшаңдық, зейінділік, тепе-теңдік сақтау, дәлдік сынды дағдыларын көрсетті. Әр ойыннан кейін демалу жаттығулары орындалып, қауіпсіздік ережелері де сақталды. Осындай ойындарды ойнату нәтижесінде балалар дене қимылдарын үйлестіре алды, өзара көмектесіп, ұжымдаса ойнаудың маңыздылығын ұғынды. Қимылды ойындарға деген қызығушылықтары артты. Іс-шара денсаулықты нығайтуға, сергек көңіл-күй сыйлауға, белсенді өмір салтына бейімдеуге бағытталды.