Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ортаңғы «Нұрсәуле» тобы тәрбиеші Рахматулина А.С-ның ұйымдастыруымен «Менің қауіпсіз жазым» атты танымдық-тақырыптық іс-әрекеті

27.06.2025

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Нұрсәуле» тобы тәрбиеші Рахматулина А.С-ның ұйымдастыруымен «Менің қауіпсіз жазым» атты танымдық-тақырыптық іс-әрекетті өткізді. Балаларда қауіпсіз өмір негіздерін қалыптастыру және ата-аналарда балалардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында өткізілген іс-шара  барысында балалармен  төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:
✅ «Табиғаттағы қауіпсіздік» – табиғатта демалу кезінде сақтық шаралары.
✅ «Бейтаныс өсімдіктерді ұстауға және жеуге бола ма?» – улы және жеуге жарамды өсімдіктер туралы түсінік.
✅ «Судағы қауіпсіздік» – ойын арқылы суда өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
✅ Жағдаяттарды талдау – түрлі қауіп-қатерлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Балалар қауіпсіз мінез-құлық ережелерін, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігін түсініп, жаз мезгілін жарақатсыз, қызықты өткізудің негізгі шарттарымен танысты. 
Жаздың қызықты әрі қауіпсіз өтуі үшін қырағылық, сақтық, ата-ананың бақылауы мен тәрбиешінің жүйелі түсіндіру жұмысы маңызды рөл атқарады.

Просмотров: 76


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст