Текст
🌿 "Балапан" тобы – Табиғат әлемінде
⠀
Жазғы сауықтыру жоспарына сай "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болмай ма?" апталық жұмыс жоспары аясында табиғатты бақылауда "Балапан" тобының тәрбиеленушілері бұлттардың суретін салып, өз қиялдарын бейнеледі. ☁️🎨
⠀
Балалар табиғат құбылыстары туралы әңгімелесіп, бұлттардың пішінін, түсін бақылап, сурет арқылы табиғатпен етене байланыс орнатты.
⠀
🌈 Осындай шығармашылық жұмыстар балалардың қиялын, зейінін, көркемдік талғамын дамытуға септігін тигізеді.
⠀
#БалапанТобы #Жаз2025 #ТабиғатӘлемі #ШығармашылықСағат #БұлттарСуреті #АқботаБөбекжайы