Текст
🌿 Мейірімділік – жүректен басталады! 🐞
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Қошақан" тобының балалары бүгінгі серуен барысында мейірімділік пен жанашырлықтың тамаша үлгісін көрсетті. Табиғат аясында серуендеп жүріп, олар кішкентай жәндіктерге қызығушылықпен қарап, зиян келтірмеуге тырысты.
🐛 "Ол да тіршілік иесі!", — деп айтып, кішкентай достарын қорғап, қамқорлық танытты.
🔹 Бұл – баланың жүрегінде мейірім ұялап келе жатқанын білдіреді. Жан-жануарлар мен жәндіктерге деген сүйіспеншілік – үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білудің алғашқы қадамы.
🌼 Мейірімге толы жүрек – ұлы қасиеттің бастауы!
#АқботаБөбекжайы #ҚошақанТобы #Мейірімділік #ТабиғаттыҚорғау #БалаТәрбиесі #ЖазғыСеруен #ЖәндіктерДостарымыз