Текст
Кіші “Күншуақ” тобы – Тазалық күні 🌿🧽
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының кіші “Күншуақ” тобында бүгін ерекше күн – "Тазалық күні" өтті. Балалар белсенділікпен өздері ойнаған ойыншықтарын жинап, үстел-шкафтарды сүртті, гүлдерге су құйып, өз жеке шкафтарын тазалап, тәртіпке келтірді.
Іс-шараның мақсаты – балаларды тазалықты сақтауға, ұқыптылыққа және еңбекке баулу.
Тазалық – денсаулық кепілі екенін кішкентай бүлдіршіндер іс жүзінде көрсетіп, топтың таза әрі жайлы болуына өз үлестерін қосты.
Мұндай шаралар балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 🌼✨