Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Түрлі түсті кемпірқосақ» күні. Логопедиялық іс-әрекет

01.08.2025

📌 «Түрлі түсті кемпірқосақ» күні
📍 МКҚК "Ақбота" бөбекжайы

🎯 Мақсаты:
Балалардың түстерді ажырату, сөздік қорын молайту, сөйлеу белсенділігін арттыру. Саусақ және артикуляциялық моторика мен есту қабілетін дамыту.

🌈 Бүгінгі логопедиялық іс-әрекет ерекше көңілді өтті. Балалармен бірге кемпірқосақтың жеті түсін атап, әр түске сай шарларды таңдап, түрлі тілдік жаттығулар орындалды.

🗣 Балалар шардың пішіні мен түсін сипаттап, сөйлем құрауға тырысты. Сипаттама беру, сұрақтарға жауап қайтару арқылы сөздік қорын дамытуға назар аударылды.

💬 Іс-әрекетке балалар белсенді, қызығушылықпен қатысып, түстерді дұрыс ажыратуға және өз ойын анық жеткізуге тырысты.

✅ Логопедиялық түзету мақсатына сәйкес,іс-әрекет нәтижелі, әрі тиімді өтті!

👧🧒 #Ақбота_бөбекжайы #ЛогопедиялықІс-әрекет #КемпірқосақКүні #Даму #ТүсАжыратаМыз #БалаларӘлемі

Просмотров: 128


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст