Текст
📍 МКҚК "Ақбота" бөбекжайы
👧🧒 "Қошақан" тобы
🎨 Апталық тақырып: "Менің достарым"
Бүгін "Қошақан" тобының балалары апталық тақырыпқа сәйкес "Қала үстіндегі шарлар" атты қызықты ойын-сауыққа қатысты.
Балалар достары туралы әңгімелеп, сурет бояу арқылы өз ойларын шығармашылықпен жеткізді. Түрлі-түсті шарлармен безендірілген суреттері арқылы балалар достық, қуаныш, бірлік ұғымдарын көрсете білді.
🌟 Іс-әрекет балалардың ұжыммен жұмыс жасау, әсемдік сезімін дамыту және достыққа деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
Балалар белсенді қатысып, өз достарына арнап түрлі-түсті, жарқын суреттер салып, өзара жақсы тілектер айтты.
#Ақбота_бөбекжайы #Қошақан_тобы #МеніңДостарым #БалаларШығармашылығы #ДостықКүні #ШарларӘлемі