Текст
📸 "Ас атасы – НАН" тақырыбында ерекше саяхат! 🍞🌾
"Алақай, жайдарлы жаз келді!" атты жазғы-сауықтыру кезеңінің аясында ересек "Қошақан" тобының балалары "Дәндер патшалығына" қызықты саяхат жасады.
🎨 Балалар:
▪️ түрлі астық дақылдары жайлы бейнебаяндар тамашалады,
▪️ нанның дастарханға қалай келетінімен танысты,
▪️ суреттер салып, бояу арқылы өз сезімдерін білдірді.
👣 Нан – қастерлі ас, оны қадірлеу керек екені балаларға түсінікті тілмен жеткізілді.
🥖 Шашылған нанды көрсе, жинап құстарға беру туралы да жақсы әңгіме айтылды.
📚 Бұл іс-шара балаларға еңбек пен азықтың қадірін білуге, құрметпен қарауға баулыды.
📹 #БалаларӘлемі #Жаз2025 #ҚошақанТобы #АсАтасыНан