🍞 «Ас атасы – нан» тақырыбында танымдық іс-әрекет
📍 МКҚК «Ақбота» бөбекжайы | «Еркетай» тобы
Ортаңғы "Еркетай" тобының тәрбиешісі Г.Уразбекованың ұйымдастыруымен жазғы сауықтыру жоспары аясында «Ас атасы – нан» тақырыбында танымдық іс-әрекет өткізілді.
🧠 Балалар іс-әрекет барысында:
▪ Ұн қайдан алынатынын білді
▪ Ұннан қандай тағамдар дайындалатынын үйренді
▪ Ұн және ұн өнімдерімен жұмыс жасай отырып, ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар орындады
🎯 Іс-шара мақсаты – балалардың нанға деген құрметін қалыптастыру, еңбек пен тағамның қадірін түсіндіру және шығармашылық белсенділіктерін дамыту болды.
🧒 👧 Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, өз ойларымен бөлісті, тапсырмаларды белсенді орындады.
✨ Нан – еңбек пен берекенің символы!
Бүлдіршіндер бұл күннен тағылымды тәрбие мен жылы әсер алды.
#АқботаБөбекжайы #ЕркетайТобы #АсАтасыНан #Жаз2025 #БалабақшаӨмірі #ҰлттықҚұндылықтар