Текст
🌸🐞 “Менің нәзік достарым” шығармашылық күні 🐞🌸
МКҚК “Ақбота” бөбекжайының ортаңғы “Нұрсәуле” тобының тәрбиешілері балалармен бірге табиғат пен сұлулық әлеміне саяхат жасады.
Мақсаты:
✨ Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
✨ Бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру
✨ Әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Балалармен серуен барысында гүлдерді тамашалап, дәндерін жинады 🌻. Шығармашылық іс-әрекетте ермексаздан күнбағыс жасады және түрлі түсті қағаздан гүлдер құрастырды.
Балалар әр іс-әрекетке қызығушылықпен, шабытпен қатысты! 💛
#НұрсәулеТобы #АқботаБөбекжайы #ШығармашылықІсәрекет #ТабиғатДостары