Текст
🍉 «Көбелек» тобы – Жазғы сауықтыру іс-әрекеті 🍉
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Ибраева С. ұйымдастыруымен "Мен және қоршаған орта" жазғы сауықтыру жоспары аясында қызықты іс-шара өтті.
🌱 Іс-әрекет тақырыбы:
Бау-бақшадағы жеміс-жидектер мен көкөністердің дәрумендік пайдасы
🌱 Іс-әрекет барысы:
Балалармен бірге жеміс-жидектердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы жайлы әңгімеленді.
Шығармашылық жұмыс барысында балалар қарбыз суретіне дәндерді желім арқылы жапсырып, әсем жұмыс жасады.
🌱 Нәтиже:
Балалар табиғат сыйын бағалауды, пайдалы тағамдарды ажыратуды үйренді және шығармашылық дағдыларын дамытты.
#КөбелекТобы #АқботаБөбекжайы #ЖазғыСауықтыру #МенЖәнеҚоршағанОрта #БалаларШығармашылығы