Текст
✨ МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Нұрсәуле» тобы «Ерте, ерте, ертеде… әжемнің ертегісін тыңдайық» атты ерекше іс-шара өткізді.
👨👩👧 Бұл жолы балалар ата-аналарымен бірге үйде кешкі уақытта жатар алдында ертегілер тыңдап, әсерлерімен бөлісті.
📚 Осындай дәстүр баланың қиялын дамытып қана қоймай, отбасылық байланысты нығайтып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартады.
🌟 Ертегі арқылы бала жақсы мен жаманды ажыратып, мейірімділікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиеленеді.
#АқботаБөбекжайы #НұрсәулеТобы #ӘжемніңЕртегісі #АтаАнаменБірге #ОтбасылықҚұндылықтар #ЕртегіӘлемі #БалабақшаӨмірі