Текст
МКҚК “Ақбота” бөбекжайының ортаңғы “Нұрсәуле” тобының тәрбиешілері балалармен бірге “Айбарлы асқақ – Ата заң” атты танымдық іс-әрекет өткізді.
🎯 Мақсаты:
Балаларды мемлекеттік белгілермен жан-жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшегіне мән беруге үйрету. Сонымен қатар отансүйгіштікке, достыққа, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Балдырғандар Отанын сүюдің, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын дәріптеудің алғашқы қадамдарын жасап, өздерінің кішкентай жүректерімен үлкен мақтаныш сезімін білдірді. 💙✨
#АқботаБөбекжайы #НұрсәулеТобы #АйбарлыАтаЗаң #ҰлттықРәміздер #ОтанСүйгіштік