Текст
🌞 "Балбөбек" тобы — "Қош бол, жарқын жаз!" 🌿
Апталық аясында балалармен жаз мезгілінің аяқталуына орай қызықты әңгімелесу өтті. 👧🧒
Олар жазғы демалыс сәттерін еске түсіріп, қайда демалғандарын, қандай ойындар ойнағандарын айтып бөлісті.
✨ Балалар "Көрікті жаз" тақырыбында пішіндерден ұжымдық жұмыс жасап, далада көңілді ойындар ойнады:
🔹 "Кім бірінші?"
🔹 "Күннің көзі мен жаңбыр"
🔹 "Ғажайып дорба"
🖍 Сонымен қатар асфальтқа түрлі-түсті бормен суреттер салып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жазды қуанышпен шығарып салған балалар үшін бұл күн өте қызықты әрі әсерлі болды! 💛🌈
#Бөбекжай #АқботаБөбекжайы #БалбөбекТобы #Жаз2025 #ҚошБолЖаз #БалаларШығармашылығы #ӘсерліСәттер