Текст
🐝 "Көбелек" тобы – Жәндіктер әлемі
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ортаңғы "Көбелек" тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиеші Ибраева С. ұйымдастыруымен жазғы сауықтыру жоспары аясында "Қоршаған орта" тақырыбы бойынша іс-шара өтті.
✨ Балаларға жәндіктердің пайдасы, соның ішінде араның адамға тигізер игілігі жайлы әңгіме жүргізілді.
🎨 Шығармашылық жұмыс барысында бүлдіршіндер араның пішінін желім арқылы жапсырып, ерекше қызығушылық танытты.
🌿 Бұл іс-шара балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұқыптылық пен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
#КөбелекТобы #АқботаБөбекжайы #ЖазғыСауықтыру #ҚоршағанОрта